«Шахмат әлемі» атты ерекше тақырыптық экскурсия өтті

2018 жылғы 17 қазанда «Шахмат әлемі» атты ерекше тақырыптық экскурсия өтті, астаналық студенттер бұл экскурсияның барысында шахмат ойынына қатысты. Ойын барысында шахматтың ережелерін бұрын білмегендер сыныптастары мен Елбасы кітапханасының қызметкерлерінен үйренуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шахмат жинағы экскурсанттардың  қызығушылығын туғызды. Елбасы кітапханасының музей жинағында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға берілген шет мемлекет басшыларынан, түрлі елдердің ресми делегацияларынан, сонымен қатар атақты шахматшылар - әлем чемпиондары, халықаралық гроссмейстерлер Анатолий Карпов пен Вишванатан Анандтың шахматтары бар.