«Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі

3 шілде – 2 тамыз 2015 жыл

«Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде фотосуретші Рюджи Миямото мырзаның дәрісі және «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі өтті. Көрме Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесе отырып, екі халықаралық жобалар: Жапон қорының жобасы және Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасы аясында ұйымдастырылды.
    Жапон Қоры – Жапония мен шет мемлекеттер арасында өнер және мәдени алмасу арқылы халықаралық үнқатысуды нығайту саласындағы жан-жақты қызметті жүзеге асыратын, 1972 жылы құрылған арнайы мамандандырылған қоғамдық ұйым.
     Қор қызметінің басты бағыттарының бірі - жеке коллекцияларынан бүкіл әлем бойынша көшпелі көрмелер өткізіп, саяхаттар ұйымдастыру. «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі әлемнің 21 елі мен 32 қаласында ұсынылған болатын.
    Ұйымдастырушылар бұл көрмені Жапонияның беймәлім әлеміне жол ашады деген үмітте. Жапон фотосуретшілері өз шеберліктері арқасында уақыт пен оқиғаларды тоқтатып, Жапониядағы экономикалық өсім кезеңі мен қазіргі таңға дейінгі табиғат пен қоғамда болып жатқан сансыз өзгерістерді керемет көрсете білген.
    Экспозиция 23 жапон фотосуретшілерінің 76 туындысы ұсынылған 2 бөлімнен құрылған. Сонымен қатар, көрме аясында «Жапония – қазақстандықтардың көзімен» атты қазақстандықтардың Жапонияға барған сапарлары кезеңінде жасалған жеке фотосуреттері мен жапон оқушылары жұмыстарының блиц-көрмесі ұсынылды.