«Өрлеу» экспозициясы

Осы бөлімнің мұрағат құжаттары Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан алынған деректерді баяндайды,оның жеке басының мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі қалыптасу тарихымен таныстырады.

Ұсынылған материалдар Елбасының Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін түсінуге көмектеседі. Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары, оның ішкі және сыртқы саясат саласындағы белсенді қызметі, Қазақстанның алдағы онжылдықтарда дамуының болашақ векторларын айқындаған, - міне, осылар «Өрлеу» экспозициясының негізін қалауға себеп болды.