Нәзік сезім

     2007 жылдың 29 маусымында Музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан халық суретшісі, Франция суретшілер академиясының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, академик Камиль Муллашевтың дербес көрмесі ашылды. Көрмеге 45 картина қойылды. Бұлар - суретшінің жаңа мыңжылдықтың басындағы үздік жұмыстары.
      Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Камиль Муллашевтың шығармашылығы - республиканың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғам өмірінің белгілі бір эмоционалдық, рухани ахуалының бейнеленуі. Оның өнері өз уақытындағы рухпен тығыз байланысты, онда көркем шығармашылықтың жарқын қуаты бар.
      К. Муллашевтың туындылары Мәскеудегі мемлекеттік Третьяков галереясында, Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, көптеген шетелдерде – АҚШ, Франция, Германия, Лихтенштейнде, Түркияда, Қытайда және т.б. көрсетілген.
      Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Has Sаnат» өнер галереясы.
      Көрме 2007 жылдың 29 маусымы мен 30 шілде аралығында өтті.