«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрмесі

21 қараша 2011 ж. - 21 қаңтар 2012 ж.

      «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрмесі.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрмеге Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы жайлы баяндайтын мұрағаттық, музейлік және кітапханалық материалдардың бірегей жинағы қойылды. Экспозицияның ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залында орналасуы кездейсоқ емес еді, дәл осы залда 1997 ж. 10 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасын салтанатты түрде жариялаған болатын.
      Көрме: «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар!», «Тәуелсіздік символдары», «Ұлттық идея», «Мықты экономика – мықты мемлекет», «Саяси-партиялық жүйе», «Қазақстан – президенттік республика», «Азаматтардың қоғамдық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Бейбітшілік және келісім бастамалары», «Жасампаздық және табыс рухы» деп аталған бөлімдерден тұрды.
      Көрменің әрбір бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу, құру және нығайтудың негізгі кезеңдерін, сонымен бірге Қазақстанның әлемдік аренадағы қол жеткізген табыстарын ҚР Президентінің Мұрағаты мен ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіндегі кітапханалық және мұрағаттық қорларының бірегей тарихи құжаттары, фото және бейнемұрағаттық материалдары, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы ашып көрсетті.
      Көрме қонақтары көрменің басты бөлімдері бойынша әртүрлі дереккөздерін: газеттер, қолжазбалар, ресми құжаттар, фото-бейне материалдарды бірлестіруге мүмкіндік берген жаңа экспозициялық шешімдермен танысты.
      «Тәуелсіздік шежіресі» көрмесі Қазақстанның жуырдағы тарихы мен қазіргі окиғаларына әділ көзқарас қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашып көрсетті.