«Н.Назарбаев – еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көшпелі көрмесі

РФ. Мәскеу қ.

2020 жылғы 11 наурыз.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасы

«Н.Назарбаев – еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көшпелі көрмесі

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Н.Назарбаев – еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» атты көшпелі көрменің ашылуы өтті. Көрме Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге жұмыс сапары аясында өтті.  

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың рөлін, сондай-ақ жаңа жаһандық өлшемде осы идеяның перспективалық дамуын жан-жақты көрсету болып табылады.

Көрме тұңғыш рет Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы тарихында ерекше орын алатын Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында өтті. 1994 жылы дәл осы ғимаратта Н.Назарбаев алғаш рет өзінің Еуразиялық интеграция идеясын ресейлік ғылыми қоғамдастық алдында айтқан болатын. «Н.Назарбаев – еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесінде Елбасының жеке мұрағатынан алынған бірегей құжаттар, оның қолжазбалары, еуразиялық интеграцияны жүзеге асыру тарихы мен кезеңдерін көрсететін мемлекеттік қызмет барысында жасаған жазбалары ұсынылған. Сонымен қатар экспозициядан Елбасының мемлекеттік марапаттары ерекше орын алды.  

  

Бұл Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытудағы еңбегін жоғары бағалаудың нышаны. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жинағында жинақталған және жүйеленген архивтік, кітап, заттық кешендер Қазақстан мен Ресей екіжақты қатынастар тарихы, Еуразиялық интеграция идеясының дүниеге келуі, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы екі ел ынтымақтастығы жөнінде бірегей зерттеушілік, талдамалық, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңын жасақтайды.

Іс-шараға екі елдің танымал саяси және қоғам қайраткерлері қатысты, олардың қатарында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Е.Көшербаев, Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі А.Фурсенко, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.Садовничий және тағы басқалар қатысты.

  

Жоғары оқу орнын аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев  М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В. Садовничиймен кездесті, Еуразиялық интеграция идеясына арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының көрме экспозицияларымен танысып, сондай-ақ университет музейін аралап, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.