«Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясындағы көшпелі экскурсиялары

«Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясындағы көшпелі экскурсиялар 2019 жылдың 3 қыркүйек пен 18 қазан аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде, Шу ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектебінде өткізілді. Тыңдармандарға «Тарихи таңдау. Бастамасы», Тарихи таңдау. Ұмтылыс», «Қазақстанның спорттық даңқы» атты көшпелі тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Аудан, ауыл тұрғындары Елбасы Кітапханасының бірегей қорымен дәл осы көшпелі экскурсиялар арқылы танысты.

Көшпелі экскурсияларға қатысушылар саны – 182016, жалпы өткізілен экскурсиялар саны – 4374.