«Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» тақырыптық экскурсиясы өткізілді.

2019 жылғы 30 қаңтарда Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінің студенттеріне «Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» тақырыптық экскурсиясы өткізілді.

Бұл тақырып, әсіресе, Назарбаев орталығына келушілер арасында танымал. Онда Қазақстан Республикасының және оның Тұңғыш Президентінің ядролық қарудан және ядролық сынақтардан бас тартуға негізделген жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жаһандық көзқарасы көрсетілген. Экспозицияда қолданылған мультимедиялық контент ядролық қарусыз әлем тақырыбында аса көрнекі, мазмұны жағынан ауқымды ақпараттық орталықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Экскурсияның қорытынды бөлімінде студенттерге «Өзгерістер көшбасшысы» деректі фильмі көрсетілді.