«Мәдени мұра – балаларға. Ұрпақтар сабақтастығы» атты көрме

13 желтоқсан 2011 ж. - 13 ақпан 2012 ж.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасы аясында ұйымдастырылған «Мәдени мұра – балаларға. Ұрпақтар сабақтастығы» атты көрме.
      Көрменің бастамашылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы. Көрмеге «Жас шебер» республикалық байқауына қатысқан балалардың жұмыстары қойылды.
      Көрмеде Астана, Павлодар, Орал, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақсу, Шахтинск, Степногорск, Сәтпаев және Рудный қалаларының көркемсурет және өнер мектептері балаларының 200-ден астам сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Жұмыстардың авторлары 11-ден 16 жасқа дейінгі балалар. Көрмеге қатысушы жас шеберлер дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.