Маусым 2019

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 13728 адам келді, келушілерге жалпы 395 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 189 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 5520 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 206 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 8208 адамды құрады.

Дәстүр бойынша, жазғы демалыс кезінде Тұңғыш Президент кітапханасына аймақтардан мектеп оқушылары келді. Отандық туристік агенттіктер елордаға турлар ұйымдастырды. Баруға болатын нысандар қатарында Елбасы кітапханасының ғимараттары ерекше орын алады.

ҚХР келген туристерге «ҚР Президентінің Резиденциясы бойынша тур» өткізілді.