«Әлемнің әдеби мұрасы» көрме галереясы

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕ АЙМАҚТАРЫ (3-қабат)

Кітапханаға оқырмандарының назарына әлемдік көркем әдебиет қазынасына кіретін жоғары деңгейдегі шығармалар ұсынылды.

Экспозицияны ұлы қазақ ақындары мен ағартушылары Абай мен Шәкәрімнің аллеясы ашады.

Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын, оның нағыз рухани мұрасына айналды. Заман өзгереді, қоғамдық санада өзгерістер болады, бірақ ұлы Абайдың шығармалары әр ұрпақ үшін өзекті болып қала береді.

«Әдебиет әлемі» фундаментальды сериясы қазақстандық классик – жазушылар: Мұқағали Мақатаев, Ғабит Мүсірепов, Жұбан Молдағалиев, Шерхан Мұртаза, Сайын Мұратбековтың шығармашылығымен көрсетілген.

Экспозицияны «Ұлы жазушылар кітапханасы»сериясынан алынған кітаптар жалғастырады. «ЭКСМО» баспасы, Мәскеу қаласы. Бұл серия –  орыс кітап баспасының үздік дәстүрлерін жаңғырту, XX ғасырдың басында Ф. А. Брокгауз — И. А. Ефрон акционерлік қоғамы шығарған «Ұлы жазушылар кітапханасы» библиографиялық сирек кездесетін әдебиеттердің лайықты жалғасы болды.

«Парадный зал» атты Фамильдік кітапхана сериясының эксклюзивті басылымдары ерекше орын алады — бұл әлемдік әдебиеттің фольклорлық бастауынан XIX ғасырдың шыңына дейінгі ұлы туындыларының жинағы.

«Шетел классикасының кітапханасы» сериясы - бұл Гомер мен антиктерден Фицджеральд пен Цвейгке дейінгі 200-ден астам автор (ақындық жинақтарды қоса алғанда), 1500-ден астам шығарма. Келесі «АСТ» баспасынан шыққан «Әлемдік классиканың алтын қоры» сериясы барлық заман мен халықтардың ең үздік кітаптарымен ұсынылған. Бұл өз бояуымен таңқалдырарлық «Колыма әңгімелері» және Хаггардтың «Соломон патшасының Копиі», «Монтесуманың қызы», «Әдемі Маргарет», және «Квартеронка» атты романдары, Майн Ридтің «Басы жоқ салт атты» шығармасы, Пушкин мен Феттің өлеңдер жинақтары және басқа да көптеген шығармалар.