Қыркүйек 2019

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 9203 адам келді, келушілерге жалпы 244 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 133 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3851 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 111 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5352 адамды құрады.

Келушілердің жартысынан астамын мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер құрады. Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден - Қытай, Ресей, Германия, Ұлыбритания және Қырғызстаннан келген туристер айтарлықтай көп.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен: БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Наталья Снегур-Герман, Қытай буддистері қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Ши Чунвэн, Қытай буддистер қауымдастығы халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Ван Ли, Қытайдың даоисттік зерттеулер институты бөлім меңгерушісінің орынбасары Инь Миньфан, буддистік храм басшысы Хуан Джэеньсян танысып шықты.