Құрылым

  • КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жеке кітапханасының қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Қазақстандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға мейлінше жедел әрі тиімді қолжетімділік туғызатын заманауи ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастырумен, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің теориясы, тарихы және тәжірибесіне байланысты ұлттық мәдени мұраға қолжетімділікті сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.

    Қызмет басшысы – Сандуғаш Хамитқызы ӘБСӘДІРОВА

    Тел.: 8 (7172) 693030

  • АРХИВ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жасампаздық–шығармашылық идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шетелдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік тұрғыда ілгерілетуді жүзеге асырады;

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке архивіндегі құжаттарды бүлінуден, зақымданудан, ұрланудан сақтауға кепілдік беретін толық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға жауап береді.

    Сонымен қатар Кітапханаға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізеді.

    Қызмет басшысы – Хамит Мұқтиярұлы МОМЫНҚҰЛ

    Тел.: 8 (7172) 693010

    Ақпараттандыру секторы  Кітапханада ақпараттық технологиялардың перспективті

    дамуы мен енгізілуін жоспарлауды жүргізедіКітапханада ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бойынша іс-араларды ұйымдастырады, ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын енгізеді.

    Сектор жетекшісі – Зауре Жанғазықызы ӘМІРХАНОВА 

    Тел: 8 (7172) 693019

  • МУЗЕЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет музейлік қордың мемлекеттік есебін, музей құндылықтарын заңды және жеке қорғауды қамтамасыз етеді. Музей жинағын топтастыруды жүзеге асырады, музейлік заттарды бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғауға кепілдік беріп, толық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайды жасайды. Есепке алу-сақтау және ғылыми-қор жұмысын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етумен айналысады. Музей жинақтары материалдарына зерттеу жүргізеді, ғылыми-қор зерттеулер нәтижелерін қоғамдық пайдалану үшін жағдай жасайды, сондай-ақ музей жинақтарын көпшілікке тарату жұмыстарын жүргізеді.

    Қызмет басшысы – Гүлжан Бөгенбайқызы АҚДОҒАН 

    Тел.: 8 (7172) 751286

  • ЭКСПОЗИЦИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет Кітапхананың экспозициялық және көрмелік қызметінің ғылыми-әдістемелік және әдістемелік-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге жауап береді. Экспозициялық-көрмелік қызметтің нәтижелері бойынша еңбектерді жариялауды жүзеге асырады, экспозициялық-көрмелік қызметтің материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ тұрақты және уақытша көрмелердегі музейлік маңызы бар заттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

    Қызмет басшысы – Нұржамал Алдиярқызы ШЫРЫМБАЕВА

    Тел.: 8 (7172) 751214

  • ЭКСКУРСИЯ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет Кітапхана ғимараттары бойынша барлық келушілерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпылама, тақырыптық, авторлық экскурсияларды әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік және орыс тілдерінде ғылыми-экспозициялық жобалардың, тұрақты экспозициялардың тақырыптары бойынша жылжымалы экскурсияларды жүргізеді. Экскурсия жүргізушілері мен гид-аудармашыларды дайындау курстарының тыңдаушыларына сараптамалық әдістемелік көмек көрсетеді (басқа бейіндік мекемелердің сұраныстары бойынша).

    Қызмет басшысы –  Әсел Қанатқызы ШОТКИНА

    Тел: 8 (7172) 751027, 693041

    Экскурсияларды ұйымдастыру секторы экспозициялық қорды сақтаумен айналысады. Білім беру қызметі саласында мемлекеттік саясатты жасақтау мен жүзеге асыруға қатысады. Шолу және тақырыптық экскурсияларды ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ экспозиция үшін материалдарды жинау бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

    Сектор жетекшісі – Айымкүл Қазбекқызы ЖАНКҮЛИЕВА

    Тел: 8 (7172) 693042

  • ӘЛЕУМЕТТІК-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАЛАР ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет әлеуметтік-ағартушылық және ғылыми-білім беру жұмысымен айналысады, Мемлекет басшысының жаһандық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ілгерілету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді. «Назарбаев Моделі» немесе Қазақстандық жолды зерделеу,  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке табысқа жету тарихы, жаһандық идеялары мен саяси философиясын зерттеу бойынша қоғамның әртүрлі топтарына білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлейді және жүзеге асырады. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм, жалпыұлттық бірегейлік пен ел бірлігі рухында тәрбиелеу бойынша шараларды ұйымдастырады.

    Қызмет басшысы – Күнсұлу Серікқызы ИСИНОВА

    Тел.: 8 (7172) 693060

    Ғылыми-қолданбалы зерттеулер секторы

    Сектор жетекшісі - Гүлден Болатқызы КАРАГИЗОВА

    Тел.: 8 (7172) 751215

  • ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жасампаз-шығармашыл идеялары мен бастамаларын ақпараттық және имидждік тұрғыда ілгерілетуді жүзеге асырадыКітапхананың имиджін, сондай-ақ Кітапхананың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үшін жағымды қоғамдық пікірді жасақтайды және қолдайды.

    Қызмет басшысы – Гүлмира Неғматқызы КЕНЖЕБАЛИНА

    Тел.: 8 (7172) 693054

  • БАСПА ЖӘНЕ РЕДАКЦИЯЛАУ ҚЫЗМЕТІ

             Баспа және редакциялау қызметі Елбасы кітапханасының баспа өнімдерін жоғары кәсіби, көркем және идеялық деңгейде шығаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  тоқсан сайынғы қоғамдық саяси және ғылыми танымал «NN JOURNAL» журналының тұжырымдамасын, шығармашылық мазмұнын, дизайнын, беттелуін әзірлеуді және басып шығаруды жүзеге асырады.

    Қызмет басшысы – Нұрасыл Сейтқазыұлы ТОҒЫЗБАЕВ

    Тел.: 8 (7172) 751023 , 693064

  • ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҚЫЗМЕТІ

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық байланыстар қызметі халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша басымды бағыттарды анықтайды және әзірлейді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы идеялары мен бастамаларын ілерілету мақсатында еліміз бен шет елдерде ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырады.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық байланыстар қызметі мемлекеттік органдармен, қазақстандық және шетелдік зерттеу орталықтарымен, ғылыми институттармен және мәдени орталықтармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде әлеуметтік желілерде) Елбасының саяси бастамаларының мәнмәтініндегі саяси, экономикалық және қоғамдық дамудың көкейтесті мәселелері бойынша сараптамалық шолуды, сұхбатты, баяндамалар мен жарияланымдарды ұйымдастырады.

    Қызмет басшысы – Жансая Рифильевна ЖАБИНА

    Тел: 8 (7172) 751021

  • ЖОСПАРЛАУ, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет меншіктің сақталуын, ақшалай қаражаттың және материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын, бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Еңбекке ақы төлеу, салық салу, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік меншігін басқару операцияларын өткізуге, қаржылық және шаруашылық қызметке байланысты жобаларды дайындауға қатысады. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізеді.

    Бас бухгалтер – Құралай Тұрсынқызы ДҮЙСЕБАЕВА

    Тел.: 8 (7172) 693070

    Қызмет басшысы - Лиля Альбиковна ИШМУХАМЕТОВА

    Тел.: 8 (7172) 693072

    Көлікті ұйымдастыру және персоналмен есеп айырысу секторы

    Сектор жетекшісі - Әйгерім Айдарбекқызы БАДАУОВА

  • ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАПТАМА, ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, КАДР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТІ

    Қызмет заңдылықты және құжаттаманы қамтамасыз етедіКітапханада бірыңғай құжат айналымын ұйымдастырады. Кадр саясатын қалыптастырады. Ұйымдастырушылық жұмысты атқарады.

    Қызмет басшысы – Ақару Оралқызы МУКИЯЕВА

    Тел.: 8 (7172) 693080

  • ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР ҚЫЗМЕТІ

    Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен даму тарихын, осы үдерістегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жетекші рөлін, оның жасампаздық шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын зерттеумен айналысады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жасампаздық шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ақпараттық және имидждік ілгерілетуге қатысады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды кешенді жинақтаумен, жүйелеу, сақтау, зерттеу және тарату негізінде тарихи, мәдени және қоғамдық-саяси ақпараттарды жинақтаумен және зерттеу үдерісін мәдениеттанымдық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен айналысады.

    Қызмет басшысы – Ерлан Мұхтарұлы АРЫН

    Тел.: 8 (7172) 751030