ҚР Тұңғыш Президентінің Жеке Мұрағаты қорынан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау» атты көрмесі.

28 қараша 2012 ж. – 28 қаңтар 2013 ж

ҚР Тұңғыш Президентінің Жеке Мұрағаты қорынан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау» атты көрмесі.

      Көрме 2012 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет аталып өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналды. Бұл мереке қазақ халқының мемлекеттік бірегейлігінің маңызды кезеңін айқындайды.
      Экспозицияда 1991 жылғы алғашқы президенттік сайлаудың тарихы жайлы баяндайтын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жеке Мұрағаты қорынан бірегей материалдар жинағы ұсынылды. Олардың қатарында аса құнды болып саналатын қолжазбалар, жұмыс блокноттарындағы, күнделіктердегі жазбалары, сөйлеген сөздерінің тезистері болды. Көрмені сонымен қатар ресми құжаттар, фото- және бейнематериалдар толықтырды. Музейге келушілер арнайы жабдықталған залда осы тақырыпқа байланысты мұрағаттық бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік алды.
      Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстанның танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Астанада тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.