«Қазақстандық жол» экспозициясы

Бұл бөлім Қазақстанның жаңа тарихындағы ең қиын және жарқын сәттерді көрсетеді. Бөлім жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы маңызды қадамдарды ашады: ядролық арсеналдан бас тарту, елдің қолданыстағы Конституциясын әзірлеу, ұлттық валютаны енгізу, жекешелендіруді және жер реформасын жүргізу, астананы көшіру, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу, этносаралық және конфессияаралық қатынастардың бірегей моделін қалыптастыру, өңірлік интеграциялық процестерді дамыту жөніндегі бастамалар.