«Қазақстандағы Поляк елшілері (1941-1943 жж.)» деректі көрме

15-19 маусым 2015 ж.

«Қазақстандағы Поляк елшілері (1941-1943 жж.)» деректі көрме

      «Қазақстандағы Поляк елшілері (1941-1943 жж.)» деректі көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Польша елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған болатын. Экспозицияда ұсынылған материалдар Краков Педагогикалық университетінің депортация және жер аудару Орталығының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкийдің және тарих ғылымдарының докторы – Надежда Степаненконың терең ғылыми зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.
      Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақ КСРО-ң аумағында поляк өкілдіктері құрылған болатын. 1941 жылдың жаз және күз айларында Қазақ КСРО-ға әр түрле себептерге байланысты поляктардың көптеп көшірілуі, КСРО-дағы  поляк елшілігінің өкілдіктерін құру қажеттілігін туғызды. Депортацияға ұшыраған поляктардың негізгі бөлігі 1939 жылы КСРО құрамына кірген Польшаның Шығыс аймақтарынан болды.
      1941-1942 жылдары Қазақ КСР-де Поляк елшілігінің 9 Өкілдіктері құрылды. Өкілдіктері: Алма-Ата, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Семей қалаларында орналасты. Қазіргі уақытта бұл дипломатиялық өкілдіктердің негізгі жұмыс бағыттары Қазақстан архивтерінің құжаттары негізінде қайта зерттелуде. Көрме 1941 жылы Қазақстан жерінде құрылған поляк әскери құрамаларының тарихымен және 1942 жылы жала айыппен тұтқындалып, репрессияға ұшыраған поляк елшілерінің тағдырымен таныстырады.
      1936 – 1956 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргінге әділетсіз ұшыраған поляктар барлығы (олардың қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері де бар) еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін толық ақталды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Польшамен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында поляктардың әскери зираттары табылды. Көрмеде ұсынылған деректер Қазақстан мен Польша тарихының көптеген ашылмаған беттері тарихшылар мен қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызды.