Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» ақпараттық-иммидждік жоба бағдарламасы ұсынылды.

2019 жылдың 22 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» ақпараттық-иммидждік жоба бағдарламасы ұсынылды.  Осы бағдарламаның аясында университет студенттеріне жәдігерлерді, бірегей құжаттарды көрсете отырып, оларды қолмен ұстауға және жақыннан көруге мүмкіндік берген «Тарихи таңдау. Бастама», «Тарихи таңдау. Ұмтылыс», «Қазақстанның спорттық даңқы», «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты көшпелі экскурсиялар өткізілді.

Көшпелі экскурсияларға қатысушылардың жалпы саны –  120 тыңдаушыны құраса, өткізілген экскурсиялардың саны – 4.