Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі ашылды.

2018 ж. 15 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайында (Шымкент қ.) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі ашылды.

2018 ж. ақпан айының 16-жұлдызында «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясындағы көшпелі экскурсиялар алғаш рет Түркістан обл. (ол уақытта ОҚО Түркістан қ.) Түркістан қ. Қожа Ахмет Яссауи университетінің қабырғасында өткізілді. Ол жерде «Сабина» балабақшасының тәрбиеленушілері, қала мектептерінде оқитын оқу үздіктері мен университет студенттеріне «Атамекен», «Тарихи таңдау. Бастамасы» тақырыптарында экскурсиялар өткізілді. Бұл Елбасы кітапханасы Экскурсия қызметінің көшпелі экскурсияны ұйымдастыруда қашықтық әдісті меңгеріп, жүзеге асырған алғашқы қадамы болатын.

Осы көшпелі экскурсияларға қатысушылар саны – 714, өткізілген экскурсиялар саны – 20.