Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының интерактивтік аймағы туралы

Ғимараттың екінші қабатында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы тарихына және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық даму моделінің сәулетшісі ретіндегі тарихи рөліне арналған жаңартылған экспозиция орналасқан. Экспозиция Елбасының тұжырымдамалық ойларының алуандығымен, еліміздің табыстарымен және жетістіктерімен таныстырады.

 Экспозиция келесі тақырыптық бөлімдерден тұрады: «Ұлы дала перзенті», «Өрлеу», «Тәуелсіз Қазақстанның сәулетшісі», «Қазақстандық жол», «Сабақтастық – өзгерістер іргетасы», «Әлем таныған Елбасы».

Әрбір бөлім кезең-кезеңмен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев тұлғасының ауқымын, оның ұлттық және әлем тарихындағы ерекше рөлін аша түседі. Елбасы кітапханасының музей, кітапхана және архив қорларынан алынған бірегей тарихи құжаттар, архивтік фото және бейнематериалдар, жеке құжаттардың көшірмелері, газет жарияланымдары мен жәдігерлер тәуелсіз Қазақстан тарихының елеулі оқиғалары сипатталған атмосфераға енуге мүмкіндік береді.