2018 жылдың 17–19 сәуірі аралығында Елбасы кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылдарындағы колледж студенттеріне арналған көшпелі экскурсияларын ұйымдастырады.

«Тұңғыш» көшпелі тақырыптық экскурсиялар топтамасы Қазақстан Республикасындағы президенттік институтты бекіту күні қарсаңында өткізіледі.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы – кітапхана, архив, музей, талдау, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы қызметін атқаратын ақпараттық-идеологиялық кешен.

Елбасы кітапханасы ұлттық мәдени-тарихи мұрамызды құрайтын заманауи электрондық-архивтік инфрақұрылым мен бірегей ақпараттық ресурстармен жабдықталған. Кітапхананың мәдени миссиясын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі – өз қорының негізінде көшпелі көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастыру.

Көшпелі экскурсияның мұндай түрі Мемлекет басшысының өмірбаяндық деректерімен, Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек кездесетін бейне материалдары, фотосуреттері және архив құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Комсомол-металлургтен бастап, ең жас Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасынан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі Елбасы жолы кең ауқымды тарихи мәліметтермен ұсынылады. ХХ ғ. 60–70 жылдарының құжаттарын парақтай келе, тыңдаушылар Қазақ КСР-нің мерзімді баспасөздерінде жарияланған мақалалармен танысады. Көшпелі экскурсиялар барысында тыңдаушылар музейлерде қолжетімді бола бермейтін жәдігерлерді өз көздерімен көріп, тамашалауға мүмкіндіктері бар.

 

Өткізілетін орны:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы, Д. Қонаев көшесі, 2;

Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы, О. Жандосов көшесі, 9;

Сайрам ауданы Ақсукент ауылы, А. Байтұрсынов көшесі, н/ү.