Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа астанадағы алғашқы жұмыс резиденциясының алтын залы. 1997–2004 жылдар

«Еуразия жүрегінде» экспозициясы

«Алтын» залында Қазақстан Республикасы мен шетелдік делегациялар арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарымен, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, шетелдік іскер топтардың өкілдерімен бас қосулары және кездесулері өткен.

Залдың мемориалды мәртебесі осында өткен кездесулер мен талқылауларды баяндайтын, атап айтқанда, 1998 жылы сәулетші Кисе Курокава ұсынған Астана құрылысының бас жоспарын бекіту сәті сияқты архивтік материалдар кешенін бейнелейді.

Қазіргі уақытта «Алтын» залда ХХ-ХХІ ғғ. тоғысындағы Қазақстан тарихына арналған «Еуразия жүрегінде» экспозициясы ұсынылған. Бұл кезең Астананы салу тарихындағы маңызды оқиғаларға, елдің 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асыруды бастауға, экономикалық реформаларды жүзе асыруға және жас мемлекеттің сыртқы саясатын серпінді дамытуға толы болды.