Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Астанадағы алғашқы жұмыс резиденциясының жинақтаушы холлы.1997–2004 жылдар

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын қалыптастырған бұл зал Президенттің алғашқы резиденциядағы жұмыс күндерінің куәгері болып саналады.Сол кезеңде бұл зал жинақтаушы холл ретінде қызмет атқарып, мұнда Мәжіліс залында өтетін жұмыс кеңестері басталмас бұрын лауазымды тұлғалар жиналатын болған.

Қазіргі таңда осы залда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары топтамасының шағын бөлігі ұсынылған.

Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік және саяси қызметі –ел өміріндегі тұтас дәуірдің көрсеткіші. Тәуелсіздік таңында халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалыптастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау тағдыршешті таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев күнделікті жұмыс арасындағы сирек үзілістерін өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту болып саналатын табиғатпен сырласу, спортпен шұғылдану, музыка және кітап оқу секілді сүйікті істеріне арнауға тырысты.