«Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» тақырыптық экскурсиясы өткізілді

Елбасы Кітапханасының музейінде 2019 жылғы 25 қаңтарда №62 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» тақырыптық экскурсиясы өткізілді. Экскурсия музей ғимаратының резиденция қызметін атқарған уақытында Қазақстан Республикасы Президентінің ел үкіметімен және басқа да ведомстволарымен кездесулері болған Мәжіліс залында өткізілді.

Экскурсия барысында студенттер қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын сипаттайтын материалдармен танысты. «Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімі» музейлік реконструкциясы экскурсанттарға, әсіресе, ерекше әсер қалдырды.

Көптеген құжаттар жиынтығы ұсынылған залдың интерактивті бөлігінде оқушылар Елбасының жазбалары бар еліміздің мемлекеттік даму стратегиясы туралы қолжазбалармен және құжаттармен танысуға мүмкіндік алды.