Қараша 2019

2019 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 12496 адам келді, келушілерге жалпы 354 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 187 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 5465 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 167 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 7031 адамды құрады.

Келушілердің негізгі бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозициясымен медициналық туризм саласындағы танымал кәсіпкер, Жапониядан келген қонақ Миками Юичиро, «Пішін мен бейне үндестігі» тақырыптық қор көрмесінің қонақтары, «Ұлы дала жастары» көрмесінің қонақтары, Әзірбайжан, Швеция, Чехия, Жапония елшіліктерінің, Корей, Үнді мәдени орталықтарының өкілдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кино апталығының қонақтары танысты.