Интроспектива

     Музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері К.С. Ахметжан және Р.А. Ахметжановалар туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
     Көрмеде кескіндеме жұмыстары, кітап иллюстрацияларының кескіндемелік парақтары мен қазақтардың дәстүрлі қаруларының, шиден тоқылған бұйымдарының ғылыми-көркем реконструкциялары көрсетілген.
      К.С. Ахметжан тарих ғылымдарының кандидаты бола жүріп, көп жылдар бойы этнограф-қарутанушы ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Оны көшпенділердің әскери істері мен қару-жарақ тарихы, көшпелі халықтардың көне өнерінің тарихы, қазақтардың халық өнері қызықтырады. 70-ке жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар мен екі монографияның авторы.
      Көрме экспозициясында Р.А. Ахметжанованың шиден тоқылған бұйымдары, интерьерлік дизайн жобасы және кескіндеме жұмыстары көрсетілген.
      Көрме 2007 жылдың 15-31 тамыз аралығында өтті.