Тақырыптық

Интроспектива

Музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері К.С. Ахметжан және Р.А. Ахметжановалар туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.      Көрмеде кескіндеме жұмыстары, кітап иллюстрацияларының кескіндемелік парақтары мен қазақтардың дәстүрлі қаруларының, шиден тоқылған бұйымдарының ғылыми-көркем реконструкциялары көрсетілген.

ART FORUM KULANSHI

2007 жылғы 11 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Музей «Құланшы» Арт-клубымен бірлесіп «Құланшы» тәуелсіз шығармашылық бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін түрлі елдердің белгілі суретшілерінің картиналары мен графикалық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.       Көрмеге 55 жұмыс қойылды. Бұлар - Қазақстан, Германия, Италия, Польша, Испания, Португалия, АҚШ, Ұлыбритания шеберлерінің шығармалары. Олардың көпшілігі - өнер бойынша еуропалық симпозиумдарға қатысушылар мен халықаралық конкурстардың лауреаттары.

Табиғаттан шабыт алған

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлықтар коллекциясы бойынша ұйымдастырылған көрмеге келушілер Музейдің Үлкен банкет залында белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары - Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларус, Монғолия, Вьетнам, Молдова, Татарстан, Тәжікстанның таңғажайып пейзаждарымен танысты.       Көрме 2007 жылдың 15-30 қараша аралығында өтті.      

Теңге – тәуелсіздік нышаны

  Көрме ұлттық валюта мен республикалық қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шағын банкет залында өтті. Ол Қазақстанның ұлттық валюта – теңгенің дүниеге келу тарихымен танысуға мүмкіндік береді.       Көрме 2007 жылдың 15 қараша – 15 желтоқсаны аралығында өтті.      

Беттер