Тақырыптық

КӨКШЕ ДАРЫНДАРЫ. «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

23.10.2019 23 қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге түрлі жанр мен техникада орындалған 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ НҰРСҰЛТАНДА ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

01.10.2019 2019 жылғы 1 қазанда «Назарбаев орталығында»  «Сіз, бағалайтынның бәрі - ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтеді. «Сіз,бағалайтынның бәрі – ядролық қарудан азат, Әлем үшін» атты көрме (SGI)  «Сока Гаккай Интернешнл», (ICAN)  Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық компаниямен бірлесіп, ядролық қаруды жоюға мүдделі адамдардың ортасын кеңейту арқылы, ядролық қару мәселесіне әртүрлі көзқарастардан, жаңаша көзқарас ұсыну мақсатында жасады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

05.12.2019 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында  «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.  Оның барысында Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптейтін «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдауды, қосымша білім беру мекемелері жұмысын насихаттауды көздейді. Келелі іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты:

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «ИРАН КАЛЛИГРАММАСЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

5.02.2019 2019 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығын мерекелеуге арналған «Иран калиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Иран калиграммасы» көрмесінде суретші Саид Хушманештің 40-қа жуық картиналары ұсынылды.

НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ

12.02.2019 ж. Бүгін Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Жастар - ел тірегі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жиынға белгілі отандық суретшілер, мүсіншілер, музыканттар, Қазақстандағы шет мемлекеттерінің елшілері мен дипломатиялық өкілдіктердің  қызметкерлері, елордалық университеттердің жетекшілері, оқытушылары мен студенттері және т.б. қатысты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЛЕНИНГРАДТЫ ҚҰРСАУДАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

2019 ж. 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыкалық өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрме «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және StageProкомпаниясының белсенді қолдауы арқасында «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Көрме Лениниградтың құрсаудан толық азат етудің 75 жылдығына арналған.

«ЖАСТАР-ЕЛ ТІРЕГІ» КӨРМЕСІ

«Елбасы» кітапханасының кітап, архивтік және музейлік жинақтарының жан-жақты тақырыптық көрмесі. Қазақстандағы қазіргі жастардың әлеуетін іске асырудың негізгі бағыттарын қамтиды:оларбілім және ғылым, қоғамдық ұйымдар, мәдениет және спорт. Мемлекеттік саясатты дамыту тарихы жас ұрпақтың жетістіктеріне тікелей әсер етті.Тәуелсіздік жылдарында жаңа жетістіктермен, табыс үшін құндылықтармен әлеуметтік белсенді азаматтардың жаңа мәдени түрі қалыптасты.

Беттер