Тақырыптық

Марат Ғабдрахмановтың «Өмір пернесі» атты дербес көрмесі

7 сәуір- 7 мамыр, 2010       Марат Ғабдрахманов- белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Автор шағын нысандағы мүсіндері жанрында жұмыс жасайды, өзінің туындыларына терең философиялық мағына сыйғыза отырып, туған халқының жаны мен жүрегінің құпия пернелерін нәзік жеткізе біледі.

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Таңғажайып өрнектер әлемінде» көрмесі

5 наурыз – 2 сәуір 2010 жыл.       Музей қорынан ұйымдастырылған көрме көктем мерекелері – 8 наурыз бен Наурыз мерекесіне арналды. Келушілердің назарына шетелдік сапарлар мен форумдар кезінде ел Президентіне әлемнің 25 елінен сый ретінде тарту етілген 210 экспонат қойылды.

«Асқар Есенбаев. Академиялық көрме. Мүсін. Графика»

16 – 21 ақпан 2010 жыл. Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінде Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі А. Есенбаевтың орны ерекше. Алматы көркемсурет академиясының, Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтының түлегі көптеген атақтар сыйлаған мүсін жасау өнерінде өмірге деген қайталанбас көзқарасымен өзі үшін жаңа бір әлемді аша білді.

Оңтүстік Қазақстан облысы музейлері қорларынан ұйымдастырылған «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрмесі

25 маусым-25 шілде 2010 ж.     Көрме 2008 жылдан бері жемісті өтіп келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында өткізілді.    Бұл көрмеге Оңтүстік Қазақстан өңірінің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи, археологиялық, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік жәдігерлері қойылған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттерге, қорғандарға, түрлі мәдени ескерткіштер мен ғажайып сәулет өнерінің баға жетпес үлгілеріне өте бай.

Беттер