Тақырыптық

«ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» КӨРМЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесін ұсынады. Көрме экспозициясы қалың көпшілікті Елбасының жеке архив материалдары, қоғамдық наградалары топтамасымен, кітаптары және осы тақырыпты баяндайтын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жинағынан алынған басқа да материалдармен таныстырады.

"АННА ФРАНК КҮНДЕЛІГІНІҢ" ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖӘНЕ «АННА ФРАНК. ТАРИХ САБАҒЫ» КӨРМЕСІ

04.02.2020 г. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында 2020 жылдың 4 ақпанында "Анна Франк күнделігінің" қазақ тіліндегі тұсаукесері және «Анна Франк. Тарих сабағы» көрмесінің ашылуы өтті.

СУРЕТШІГЕ ОЙЫНДАҒЫСЫН БІЛДІРУГЕ КӨМЕКТЕСУ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР КӨРМЕСІ МЕН ШЕБЕРЛІК КЛАСТАРЫ

14 наурыз күні Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтті. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Аталған көрме арқылы елорда тұрғындары мен қонақтары республикамыздағы балалар көркемсурет мектептері тәрбеленушілерінің үздік дипломдық жұмыстарымен танысуда.

ӨМІР МЕН ҚУАТТЫ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ ҚҰРАЛ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА АС ТАЯҚШАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

11.06.2019 ж. 11 маусым күні Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік орнатылуының 10 жылдығына арналған.

БОТАГӨЗ ТӨЛЕШТІҢ «ШЕКСІЗ ӘЛЕМІ»

Елбасы кітапханасында суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ботагөз Төлештің «Шексіз әлем» көрмесінің вернисажы өтті. Көрме «Үміт қанатында» атты шығармашыл жастарды қолдау жобасы аясында ұйымдастырылды.

СУРЕТШІ МҰХТАР БАЙБОСЫННЫҢ «ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ОТЫ СӨНБЕС» КӨРМЕСІ

2019 жылдың 19 сәуірде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында ҚР суретшілер Одағының мүшесі, суретші Мұхтар Байбосынның «Өнерлі елдің оты сөнбес» жеке көрмесі өтті. Көрме заманауи бейнелеу өнерін қолдау мақсатында Елбасы кітапханасының серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.

«ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕР КӨРМЕСІ

10.09.2019 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп, Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы және Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылды.

«УАҚЫТ ӨЗЕНІ» ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІНДЕГІ КЕНШІЛЕР ӨМІРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

        03.06.2019         2019 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. 

КӨКШЕ ДАРЫНДАРЫ. «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

23.10.2019 23 қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге түрлі жанр мен техникада орындалған 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

Беттер