Көшпелі

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ ПЕРЕДВИЖНОЙ ВЫСТАВОЧНЫЙ ПРОЕКТ БИБЛИОТЕКИ ЕЛБАСЫ «Н.НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО»

15 февраля т.г. в в Южно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее (г. Шымкент) стартовал комплексный передвижной выставочный проект Библиотеки Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество».

2018 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚАРАШАДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНДА «Н.А. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

2018 жылдың 14 қарашада Ақтөбе облыстықтарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрмесі ашылды. Осы көрменің аясында Ақтөбе обл. Алға және Қобда аудандарының Мәдениет үйлерінде өткен көшпелі экскурсиялар өткізілді. Көшпелі экскурсияларға тұрақты тақырыптармен қатар Елбасы мұрағатының қорынан арнайы дайындалған фильм ұсынылды және көшпелі экскурсияларды өткізуде топтарды бірінші және екінші ауысыммен қабылдау жүйеленген тәртіпке келтірілді.

2018 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Ш. САРИЕВ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕ «Н.А. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрмесі ашылды. Осы көрмеге Атырау облысына бекітілген көшпелі экскурсияларына тың тақырып «Тарихи таңдау. Ұмтылыс» қосылды. Бұл жаңа тақырыптағы көшпелі экскурсия форматында ҚР сыртқы саясатының тарихы мен басым бағыттары жайлы бірегей материалдар кешені көрерменге жол тартты. Бұл көшпелі экскурсиялар Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарында өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі ашылды.

2018 ж. 15 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайында (Шымкент қ.) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында 17-19 сәуір аралығында Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында 17-19 сәуір аралығында Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы, Ақсукент ауданы Сайрам ауылының колледжстуденттеріне және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының №11 колледжінің студенттеріне арналған «Тұңғыш» тақырыптық экскурсиялар өткізілді.           Көшпелі экскурсияларға қатысушылар саны – 395, өткізілген экскурсиялар саны – 20.

Жиырма жылда алғаш рет. Алматы қаласындағы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің салтанатты ашылуы

Үстіміздегі жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасы басталды. Жобаның барлық іс-шаралары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай ұйымдастырылды.

«Уақыт құдіреті» көшпелі қор көрмесі.

2016 жылдың 16 маусымында Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан жинақталған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанаты  өтті.   Көрмені Қарасай ауданының әкімі Б.М. Бигелдиев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева және  «Қарасай аудандық білім беру» корпоративтік қорының бастығы Е.Д. Исраилов ашты.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Уақыт құдіреті» көрмесі.

2016 жылдың 22 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің  (Астана қ.) қорынан жинақталған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ақтау қаласының әкімі С.Ө. Трумов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары   П.У. Сармурзина және  Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Т.Қ. Жұмалиева ашты.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» көрмесі.

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан жинақталған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.      Көрмені Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы С.Б. Бурбаева, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева ашты.

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» көрмесі.

  2015 жылдың 16 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан жинақталған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.      Көрмені Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Н.К. Салимов ашты.

Беттер