Көшпелі

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

08.04. 2019 г. 2019 жылғы 8  сәуірде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және қала жұртшылығы, студент жастар қатысты.

ТАРАЗДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» АТТЫ КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

05.09.2019 ж. 2019 жылғы 5 қыркүйек күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

ТОКИОДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМГЕ ЖОЛ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

19.09.2019 ж. 19 қыркүйек күні, Токио қаласындағы БҰҰ Университетінде (Жапония) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасы қорларының көрмесі ашылды.

«ЕЛБАСЫ. ЖАСТЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

22.11.2019 2019 жылғы 22 қарашада М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ ғимаратында Елбасы кітапханасының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында «Елбасы. Жастық. Жасампаздық» атты  көрме ашылуы өтті.

«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

26.11.2019             2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету.

2019 жылы 23 мамырда Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінде Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздақ» ақпараттық-иммидждік жобасының тұсаукесері

2019 жылы 23 мамырда Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінде Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздақ» ақпараттық-иммидждік жобасының тұсаукесері өтіп, университет қабырғасында 400 тыңдарманға «Тарихи таңдау. Бастамасы», Тарих таңдау. Ұмтылыс», «Қазақстанның спорттық даңқы» көшпелі тақырыптық экскурсиялары өткізілді. Көшпелі экскурсияларға қатысушылардың жалпы саны – 400 тыңдаушыны құраса, өткізілген экскурсиялардың саны – 9.

16 мамыр күні Байқоңыр қаласының №277 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға қоғам» көшпелі көрме жобасы экспозицияларының ашылуы өтті.

16 мамыр күні Байқоңыр қаласының №277 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға қоғам» көшпелі көрме жобасы экспозицияларының ашылуы өтті. Тарихи таңдау» көшпелі экскурсиясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаян деректерімен танысуға мүмкіндік береді. Байқоңыр тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы сирек кездесетін бейнешежіре, фотосуреттер және архивтік құжаттарды тамашалады.

«Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясындағы көшпелі экскурсиялары

«Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясындағы көшпелі экскурсиялар 2019 жылдың 3 қыркүйек пен 18 қазан аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде, Шу ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектебінде өткізілді. Тыңдармандарға «Тарихи таңдау. Бастамасы», Тарихи таңдау. Ұмтылыс», «Қазақстанның спорттық даңқы» атты көшпелі тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Аудан, ауыл тұрғындары Елбасы Кітапханасының бірегей қорымен дәл осы көшпелі экскурсиялар арқылы танысты.

Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесінің тұсауы кесілген болатын.

2019 жылдың 8 сәуірде Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесінің тұсауы кесілген болатын.  Көшпелі көрме жобасының негізінде Қызылорда облысының Шиелі мен Қармақшы аудандары сияқты облыс орталығынан шалғай жатқан аудан тұрғындары Елбасы Кітапханасының бірегей қорымен дәл осы көшпелі экскурсиялар арқылы танысты. Көшпелі экскурсияларға екі ай ішінде қатысушылар саны – 160080, жалпы өткізілен экскурсиялар саны – 5026.