2015 жылдың 16 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан жинақталған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмені Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Н.К. Салимов ашты.