2018 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімінің қалай өтетінін өз көздерімен көріп, экспозицияның мұрағат материалдарымен танысты.
Ұлттық валютаға арналған бөлім, әсіресе, қатаң құпия түрде айналымға енгізілген, бұрын көрмеген банкноттар мен монеталар оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.