2018 жылғы 1 маусымда, Балалар күніне орай, Астана қ. мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасында болды. Балаларға «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсияның алғашқы минуттарынан бастап мектеп оқушылары Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың тарихымен, еліміздің үлкен додалардағы жеңістерімен танысты.