«Ертегілер әлеміне саяхат» Латиф Казбековтің суреттемелер көрмесі.

28 қазан – 22 қараша 2015 ж.
 
«Ертегілер әлеміне саяхат» Латиф Казбековтің суреттемелер көрмесі.   
 
   «Ертегілер әлеміне саяхат» Латиф Казбековтің суреттемелер көрмесі өтті. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының өкілдігімен және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
    Латиф Кожахметович Казбеков  1954 ж. Қазақстанда (Алматы облысының Ақсу ауылы) дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград қаласындағы Ресей көркемсурет Академиясында (қазіргі уақытта И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институты) тәмамдаған.  Латиф Казбеков литография, бейнелеу, офорт және кітап графикасы техникаларында орындалған туындылардың авторы. Қазіргі уақытта Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде кино өнері кафедрасының анимация және мультипликация бөлімінде оқытушылық қызмет атқарады. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Финляндия, Италия, Дания, Нидерланды, Бельгия, Польша, Куба, Мексика, Канада, Чехия, Оңтүстік Корея, Греция, Швейцария, Балтық және ТМД мемлекеттерінде ұйымдастырылған 22 жеке көрменің және 300-ден астам көрмелердің авторы болып табылады.
    Көрме қонақтары автордың әлем халықтарының 15 ертегісінің суреттемелерімен танысты. Атап айтқанда, ол Италия, Кения, Америка, Жапония, Ресей ертегілері, ежелгі Греция аңыздары, астарлы әңгімелер мен өлеңдерге арналған суреттемелер қойылды. Олардың ішіндегі ең атақтылары Д.Ч. Харристің «Римус ағайдың ертегілері» топтамасындағы қоянның бейнесі және «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» ертегісіндегі Буратино бейнесі. Жалпы көрмеде автордың 98 туындысы көрермен назарына ұсынылды.