«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

26.11.2019

            2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылды.