«Елбасы мен Елорда» фотокөрмесі

29 маусым - 7 шілде 2008 жыл

Астананың 10 жылдығын мерекелеу қарсаңында Музейде Қазақстанның жас астанасының тарихындағы әр алуан оқиғаларға арналған фотокөрме жұмыс істеді. Экспозицияға Музей мұрағатынан алынған фотоқұжаттар мен музей жинақтарынан алынған жәдігерлер қойылды.
Еліміздің дамуында ерекше тарихи кезеңге айналған астананы көшіру туралы идея Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеясы болып табылады. Астана серпінді дамыған жаңа Қазақстанның бейнесіне айналып, өткеннің бай мұрасы мен қазіргі заманның ең үздік жетістіктерін өзіне үйлесіммен сіңіре білген.
Ұсынылған фотосуреттерде Қазақстанның жас астанасының қалыптасуы мен дамуы туралы мемлекеттік тұрғыдағы үлкен мақсаттың жүзеге асуын бақылауға мүмкіндік беретін Қазақстанның жаңарған тарихының жарқын көріністері бейнеленген. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «Астана Отанымыздың жүрегіне, халықты топтастыратын ұлттық идеяға, халықтың өз күшіне деген сенімі мен ұлы мақсатының белгісіне айналды».