«Дәстүр жалғастығы» көрмесі

31 наурыз -13 сәуір 2015 ж.

«Дәстүр жалғастығы» көрмесі

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Гүлназым және Айнұр Өмірзақтың «Дәстүр жалғастығы» көрмесі өтті. Көрме Музейдің «Үкілі үміт» атты шығармашыл жастарды қолдауға арналған жобасы аясында ұйымдастырылған. Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі кенжелеу қалған тұсы - бұл кескіндеме өнеріндегі біз кесте әдісі.
     Халқымыздың дәстүрлі өнерімізді бүгінде заманауи үлгіде дамыта отырып, белгілі бір рамкаға кестеленіп түскен композиция (бұл жерде рамканың өзі әрдайым шығармашылықтың қайталанбас элементі екендігі белгілі) екі жанрдың бір жерде тоғысуын, яғни қондырмалы (кескіндемелі), сәндік-қолданбалы өнердегі шығарманың туындауына ықпал етеді.
     Ағайынды Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтар Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқып, суретші-кескіндемеші мамандығы бойынша білім алған. Гүлназым мен Айнұрдың өмірде серік еткен кәсіптері біз кесте әдісін жан-жақты меңгерген шеберлер ретінде елімізге танымал отбасы. Біз кесте техникасында орындалған олардың туындылары, қазіргі көрермендер үшін тың жаңалық болып саналатын, өзіндік лейтмотиві, символдары бар толыққанды сюжеттен тұрады.
      Бүгінгі таңда өз өнерлерімен елімізге және шетелдерге танымал болған Гүлназым мен Айнұрдың шығармашылық жұмыстары Лондон, Люксембург қалалары және Германия, Франция, Түркия, Ресей елдеріндегі өнер галереяларына қойылған.