«Балалық шақтың жұлдызды әлемі» көрмесі

26 мамыр – 17 маусым 2009 ж.

«Балалық шақтың жұлдызды әлемі» көрмесі Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың бастауы болды.
      Экспозицияға Астана қ. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Икебана» балалар студиясы мен №31 мектеп-гимназияның «Эксклюзив» үйірмесіне қатысушы балалардың жұмыстары қойылды.
      «Икебана» студиясы алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қабырғасында флористикалық панно, коллаж, қамыр пластикасы, терра, гобелен, жыртылған, умаждалған қағаздармен жұмыс істеу техникасы, жапсырма, әйнекке әшекей салу және т.б. орындау техникасы арқылы жасалған балалар жұмыстарын көрермендер таразысына ұсынды.
      Ұсынылған жұмыстардың авторлары - Алматы қаласында өткен «Бабалар мұрасын сақтап, көбейтеміз» атты республикалық конкурстың бірнеше мәрте лауреаттар мен дипломанттары, Жапониядағы ошибане бойынша (жалпақ флористика) өткен көрменің қатысушылары. 2008 жылдың қазанында «Икебана» студиясы Астана қаласында өткен «Армысың, Жапония!» фестивалінде гран-приді жеңіп алды.
      Көрмеде сонымен қатар Ы.Алтынсарин медалінің иегері, жоғары санатты мұғалім Г.А. Шандыбаның басшылығымен №31 мектеп-гимназия жанында 16 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Эксклюзив» үйірмесіне қатысушылардың да бірнеше жұмыстары қойылған.
      Қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.Сағынғали, Астана қ. Білім беру басқармасының өкілі А.С. Балташева, «Икебана» студиясының жетекшісі М.Н. Крякушина құттықтау сөз сөйледі.
      Салтанатты іс-шарада «Юность Астаны» эстрадалық балалар студиясының қатысушылары вокалды нөмірлер бойынша өнер көрсетті.

2009 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің бастамашылығымен «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысына 20 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
      Баспасөз залында қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысының негізін салушы және жетекшісі, ақын Олжас Сүлейменовпен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына сонымен қатар ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысы филиалдарының басшылары Картоев Султан Омарович, Хамиев Марғұлан Хамиевич қатысты.
      Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар сөз сөйлегеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұрақ қою үшін уақыт берілді. Масс-медиа өкілдерін, ең алдымен, ядролық мәселелерді шешуге қатысты қазіргі көзқарастар қызықтырды.