Балаларға «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты тақырыптық экскурсия өткізілді.

2018 жылғы 1 маусымда, Балалар күніне орай, Астана қ. мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасында болды. Балаларға «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс»  атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсияның алғашқы минуттарынан бастап мектеп оқушылары Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың тарихымен, еліміздің үлкен додалардағы жеңістерімен танысты.

Балаларға интерактивті зона зор қызығушылық  туғызды, мұнда жеткіншектер бір сәтке Олимпиада ойындарының қатысушылары ретінде өздерін сынап көріп, ауыр атлетшілердің импровизациялық зілтемірін көтеріп көрді. Бұдан кейін оқушылар жеңіс тұғырына тұрып,  өздерінің жеңіс сәттерін фотосуретке түсіруге мүмкіндік алды. Сынып жетекшісі: «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» сияқты экспозициялар жас ұрпақ үшін өте маңызды, барлық балалар үшін патриоттық сезімді ояту керек, кітапханада осындай көрменің болуы қуантады», - деп атап өтті.