«Балалар ертегілер әлемінде» атты көрме

30 маусым – 31 шілде 2009 ж.

«Балалар ертегілер әлемінде» атты көрме Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінің өтуіне орайластырылып, «Мәдениет арқылы пікір алысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды, оның ашылуы Съезд Хатшылығының мәдени бағдарламасына енгізілді.
      ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі көрмені өткізу үшін келушілерге өз залдарының есіктерін үлкен қуанышпен айқара ашты. Экспозицияның негізі – ШЫҰ-ға қатысушы елдер балаларының көрші мемлекеттер ертегілері тақырыптарына салған суреттері. Бұл бастаманы ШЫҰ Хатшылығы балалар арасында басқа халықтардың мәдениетіне төзімділікті қалыптастырып, дамыту, құрмет көрсету мақсатында жарияланды. Балалардың басқа елдердің салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрпымен танысуы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
      Бағдарламаны ұйымдастырушылар - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы (Мәскеу қ.), Ш. Марджани атындағы Ғылыми және мәдени бағдарламаларға қолдау көрсету және дамыту қоры (РФ), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры», Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы.
      Қонақтар Музей алдындағы алаңда орналасқан жас суретшінің шеберханасын көру, М.Өтемісов атындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының «Бәйтерек» би ансамблінің, Қазақ Ұлттық музыка академиясының, №2 балалар музыкалық мектебінің жас музыканттарының өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
      Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Ханаа Сингер ханым, жобаның авторы, А.Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының аға ғылыми қызметкері И.В. Захарова, Марджани қорының өкілі М.Р. Заргишиев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.С.Сағынғали қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
      Көрмені ұйымдастырушылардың бір ғана мақсаты бар, ол – қоғамдағы ұлтаралық келісім мен төзімділікті нығайту, өскелең ұрпақты барлық халықтарды, олардың мәдениеті мен наным-сенімдерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Көрменің ашылу рәсіміне ІІІ съезд Хатшылығының, ЮНИСЕФ және ШЫҰ өкілдерінің қатысуы осыншалықты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдарды біріктіретін мұраттардың ұқсастығы мен барабарлығының куәсі болып табылады.