ART FORUM KULANSHI

     2007 жылғы 11 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Музей «Құланшы» Арт-клубымен бірлесіп «Құланшы» тәуелсіз шығармашылық бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін түрлі елдердің белгілі суретшілерінің картиналары мен графикалық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.
      Көрмеге 55 жұмыс қойылды. Бұлар - Қазақстан, Германия, Италия, Польша, Испания, Португалия, АҚШ, Ұлыбритания шеберлерінің шығармалары. Олардың көпшілігі - өнер бойынша еуропалық симпозиумдарға қатысушылар мен халықаралық конкурстардың лауреаттары.
      ART FORUM KULANSHI – бұл бейнелеу өнерінің жыл сайын өткізіліп тұратын фестивалі, оның міндеті Қазақстанның мәдени өміріне әлемдік қауымдастықтың назар аударту. Форумның бұл тұжырымдамасы оның әр түрлі елдердің суретшілерін бірлестіретін негізгі идеясы сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігіне келіп тіреледі.
      Көрме Сальвадор Дали, Марк Шагал, Жан Миро, Джакомо Манцу және Пабло Пикассо литографияларының сирек 18 түпнұсқасымен танысуға мүмкіндік береді.
      Көрмені астананың 10 500 тұрғыны мен қонақтары тамашалады.