«Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» көрмесі

21 қазан – 11 қараша 2009 ж.

Ақтөбе облысының музейлер қорынан ұйымдастырылған «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» көрмесі 2008 жылдан бастап ойдағыдай іске асырылып келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты - қалың жұртшылыққа Қазақстан Республикасы облыстарының материалдық және рухани мәдениетінің үлгілерін, тарихының беттерін таныстыру.
      Экспозицияның «Тарихпен терең үндескен» атты бірінші бөлімінде аймақ өміріндегі неғұрлым жарқын тарихи кезеңдер ақтөбе топырағынан шыққан ұлдар мен қыздардың еңбектегі және жауынгерлік ерліктері арқылы көрсетілді. Ә.Молдағұлова, Ш.Берсиев, Н.Байғанин, А.Досжанова, А.Жұбанов, Ғ. Жұбанова сынды тұлғалар - осы өңірдің тумалары.
      «Өнерді құрметтеу – ұрпақ парызы» деп аталатын екінші бөлімде қазіргі Ақтөбе облысының қазіргі суретшілерініңжұмыстары қойылған. Жас та болса танылып үлшерген талантты мүсінші М. Ғабдырахмановтың жұмыстары үлкен қызығушылық туғызды.