Ақпан 2020

2020 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 7098 адам келді, келушілерге жалпы 220 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 129 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3514 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 91 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 3584 адамды құрады.

Келушілердің негізгі бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен «Анна Франк. Пана: Хат түріндегі күнделік» кітабының тұсаукесеріне қатысушылар және «Анна Франк. Тарих сабақтары» көрмесінің қонақтары, Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан) қонақтары.