Адамзаттың тұңғыш ғарышқа самғауына 50 жыл толуына орай «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі өтті

25 наурыз – 20 сәуір 2011 ж.

      Адамзаттың тұңғыш ғарышқа самғауына 50 жыл толуына орай «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі өтті.
      Көрме ҚР ұлттық ғарыш агенттігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей Елшілігі, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейлерімен бірге ұйымдастырылды. Бұл көрме Ресей ғарышына қамқорлықта өтетін «Жұлдызды одиссей» мерейтойлық шараның әлемдік сериясының алғаш ашылуы болды.
      Бүкіл жер шары 1961 жылдың 12 сәуіріндегі ғарыш кеңістігіне самғаған тұңғыш адамның - Юрий Алексеевич Гагариннің есімі мен жарқын күлкісін ұмытқан жоқ. Бұл адам ақылының салтанат құрған күні болды. Тарихта алғаш рет ғарыш кемесі адаммен әлем кеңістігі өңірін бұзып-жарып өтті. «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі осы атақты оқиғаға арналған шаралар циклы жалғасып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
      Үлкен көрме залында Байқоңыр ғарыш айлағы тарихының музейі, Тұңғыш Президент Музейі, Т.Мұсабаевтың жеке мұрағаты қорларында сақталған Ю. Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаевтың жеке мұрағатынан заттар мен құжаттық материалдары экспонатталған. КСРО ұшқыш-ғарышкерлері А.С. Викторенко, В.И. Пацаев – Қазақстанның тумалары. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Шал ақын (СҚО) аудандық музейі қорында ұқыпты сақталған құжаттық және киімдік кешендері, ғарышта болған ғарышкерлердің хаты, жеке заттары, жазба кітапшаларын өз көзіңмен көруге мүмкіндік береді.
      Қазақстан ғарыш айлағы бола тұрып қазіргі ғарыш саласын динамикалық дамытуда, жеке бастама жобалары Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі экспозициясында көрсетілген.
      Кіші көрме залындағы фото- және бейне материалдар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен таныстырады. Көрмеге келушілер осы залдан ай бойы ғарышкерлік тарихына арналған кинохроникалар, деректі фильмдер кадрларынан Ю.А.Гагариннің белгілі «Кеттік!» сөзін естіп, көре алады.