2018 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Ш. САРИЕВ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕ «Н.А. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде «Н.А. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрмесі ашылды. Осы көрмеге Атырау облысына бекітілген көшпелі экскурсияларына тың тақырып «Тарихи таңдау. Ұмтылыс» қосылды. Бұл жаңа тақырыптағы көшпелі экскурсия форматында ҚР сыртқы саясатының тарихы мен басым бағыттары жайлы бірегей материалдар кешені көрерменге жол тартты. Бұл көшпелі экскурсиялар Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарында өткізілді.

Көшпелі экскурсияларға қатысушылар саны – 600, жалпы өткізілен экскурсиялар саны – 12.