Republican program to support children’s creativity «Tugan Olkem»


Линия слева от текста

The Republican program to support children's creativity «Tugan olkem» appeared as a response to the program article of N. A. Nazarbayev «Rukhani zhangyru» in 2018. The program is aimed at identifying young talents and promoting the work of organizations of additional education in the republic. Thanks to the program «Tugan olkem», residents and guests of the capital have the opportunity to get acquainted with the best theses of pupils of children’s art schools of the Republic.

03.06.2019 | «УАҚЫТ ӨЗЕНІ». ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІНДЕГІ КЕНШІЛЕР ӨМІРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

2019 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. 

14.03.2019 | СУРЕТШІГЕ ОЙЫНДАҒЫСЫН БІЛДІРУГЕ КӨМЕКТЕСУ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР КӨРМЕСІ МЕН ШЕБЕРЛІК КЛАСТАРЫ

14 наурыз күні Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтті. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Аталған көрме арқылы елорда тұрғындары мен қонақтары республикамыздағы балалар көркемсурет мектептері тәрбеленушілерінің үздік дипломдық жұмыстарымен танысуда.

16.04.2018 | ЕЛОРДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ

2018 жылдың 16 сәуірінде Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Павлодар қаласы № 1 Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Туған өлкем» көрмесі 2018 жылдың ақпанында бастау алған балалар шығармашылығын қолдау бойынша аталмыш республикалық бағдарламаның аясында ұйымдастырылды. Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Туған өлкем» бағдарламасының шеңберіндегі барлық көрмелер елорданың мерейтойына арналады.

21.02.2018 | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАС СУРЕТШІЛЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Елбасы кітапханасы Музейінің ғимаратында Семей қаласы Балалар өнер мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесі ашылды.