Published on Библиотека Первого Президента Республики Казахстан — Елбасы (http://www.presidentlibrary.kz)

Home > «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

26.11.2019             2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылды.   Выездные 2019

Search form

Search

Source URL: http://www.presidentlibrary.kz/en/node/5073