22.11.2019
2019 жылғы 22 қарашада М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ ғимаратында Елбасы кітапханасының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында «Елбасы. Жастық. Жасампаздық» атты көрме ашылуы өтті.
«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көрмесі Елбасы кітапханасының архивтік және музейлік жинақтарының үш негізгі тақырыпты жүйелі түрде көрсетеді, олар: Қазақстан Республикасындағы президенттік институт мекемесінің тарихы, Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты, болашаққа бағытталған елдің даму стратегиясы.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты тарихы архивтік материалдар, кітаптар және музейлік жинақтардан алынған экспонаттар коллекциясы арқылы ұсынылған.
Выездные
2019