26.11.2019
2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылды.
